Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

1669

Президент пандемиямен күресте БАҚ жұмысының маңыздылығын атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

"Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор", – деп жазды Президент Твиттерде.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, табыс және бақ-береке тіледі.

28 маусым - Қазақстан бұқаралық ақпарат құралы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу