Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтады

216

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтады Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қазақстанның 1-ші ракеткасы, әлемнің 3-ші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open финалында 4 дүркін "Үлкен дулыға" чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды.

– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу