Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуы тиіс

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуы тиіс Фото: Ақорда

Прзеиденттің пікірінше, ғылымның әлеуетін ел игілігіне жарата білу өте маңызды саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Ғалымдарымыз ашқан жаңалықтар зертханалар аясында қалып қоймауы керек. Нақты нәтиже беретін, өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру қажет. Бір сөзбен, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс. Бұл мақсат Үкіметтің ұдайы назарында болуы керек, себебі осы міндеттің еліміз үшін мән-мағынасы ерекше, – деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаев таланттарды қызметке тарту мәселесіне де тоқталып өтті. 

– Сонымен қатар, бұл – әлемдегі ең үздік компаниялардың берік ұстанымы, бұлжымас қағидасы. Жаһандық деңгейдегі ірі технологиялық корпорациялар бірінші кезекте білім мен ғылымға басымдық береді, ғылыми жаңалықтарды өндіріске жедел енгізеді.

Таланттарды қызметке тарту жағынан да бұл компаниялар көш бастап тұр. Адам капиталы олардың негізгі күш-қуаты саналады. Технология мен инновация – дамудың ең басты әрі баламасыз шарты. Мұны ХХІ ғасырдың үздік компаниялары дәлелдеп отыр, – деді Мемлекет басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу