Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халқына көңіл айтты

775

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халқына көңіл айтты Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Қытайдың Шаньси аумағында 22 мамырда көмір шахтасында газ жарылысы болды. Оқиға Чанчжи қаласы маңындағы шахтада тіркеліп, сол сәтте жер астында жүздеген жұмысшы болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тауып, бірқатар кенші жарақат алды. Құтқару қызметтері дереу оқиға орнына жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Кейбір жұмысшылар әлі де із-түзсіз деп хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу