Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды 70 жасқа толуымен құттықтады

6914

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды 70 жасқа толуымен құттықтады Фото: aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды 70 жас мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Түркия Президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу