Қасым-Жомарт Тоқаев: "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі іске қосылды

2825

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету барысындағы қызметін қорытындылады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі іске қосылды

"Биыл Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттары бекітілді. Бұл орта мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіптік кооперацияны дамыту векторын айқындайтын негізгі құжат", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарындағы төрағалығы барысында көлік саясатының 2021-2023 жылдарға арналған негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті. 

"Құжат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік жүйесін әлемдік желіге интеграциялау, Еуразиялық дәліз құру, көлік саласындағы ғылым мен инновацияны ілгерілету, трансшекаралық дәлізді дамыту сынды жаһандық басымдықтарды қамтиды", – деді Мемлекет басшысы. 

Президент ЕАЭО күні цифрлық повесі аясында "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі, "COVID-19-сыз Саяхат" бағдарламасы сынды жобалар іске қосылып, Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық экожүйесі, көлік дәлізін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және жүктерді қадағалауға арналған навигациялық пломба енгізудің құқықтық негізі әзірленгенін мәлімдеді. 

"Биыл шілде айынан бастап Сербиямен еркін сауда аймағы туралы келісім күшіне енді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері Анды қоғамдастығымен бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына, Өзбекстан Республикасының үкіметімен меморандум мен бірлескен іс-шаралар жоспарына, сондай-ақ ШЫҰ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен, ДДҰ және Орталық Америкадағы экономикалық интеграция жөніндегі хатшылықпен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу