Ол бұған дейін берген уәдесін орындайтын уақыт жетті деп есептейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек, – деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізіп, оған Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысқан еді.
Президент Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келгенін жеткізді.