Қазақ астығын негізінен қай елдер сатып алып жүр

170

Негізгі экспорттық бағыттар бойынша өсім байқалады.      

Қазақ астығын негізінен қай елдер сатып алып жүр Фото: gov.kz

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов жыл басынан бері теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік вице-министрінің мәліметінше, биыл 8 айда теміржол арқылы 9,3 миллион тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық.

Оның ішінде экспортқа 7,2 миллион тонна, ел ішінде 2,1 миллион тонна тасымалданған.

Жәнібек Тайжанов негізгі бағыттар бойынша өсім бар екенін жеткізді.

"Орталық Азия елдеріне тасымал 37 пайызға, Қытайға 34 пайызға өсті. Ресей порттары арқылы тасымал 9 пайызға артты (Балтық және Қара теңіз). Ауғанстанға астық тасымалы 4,4 есе өсіп, 655 мың тоннаға жетті", – деп атап өтті ведомство өкілі Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, өңделген өнім көлемі де өсіп келеді. Қоспа жем тасымалы 38 пайызға өсіп, 2,6 миллион тоннаға жетті. Жалпы, астық тасымалы бойынша жақсы өсім бар, дейді вице-министр.

Айта кету керек, бұған дейін биыл дәнді дақылдар түсімі көпжылдық орташа деңгейден жоғары болатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу