Қазақ балуаны әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді

Осыған дейін спортшы тізімнің төртінші сатысына жайғасқан еді.

Қазақ балуаны әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді Фото: olympic.kz

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көш бастап тұрған балуан – әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген польшалық Виктория Холуй, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен жаңартылған әлемдік рейтингте екі саты жоғарыға көтерілді.

Үздік үштікті әлем біріншілігінің жеңімпазы, Қытай өкілі Зелу Ли түйіндеп тұр.

Астанада өткен әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова қола медаль үшін белдесуде жапониялық Махиро Ёситакаға есе жіберген-ді. Қазіргі рейтингте жапониялық балуан төртінші орынға лайық деп танылды.

Бұған дейін Фатима Сұпығалиеваның дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын жеңіп алғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу