Қазақ боксшысы шетелде Канело Альварестен де жоғары бағаланды

Brunch Boxing рейтингті жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы шығарған.  

Қазақ боксшысы шетелде Канело Альварестен де жоғары бағаланды Фото: 24.kz

Онда Жәнібек Әлімханұлының Анауэль Нгамиссенгемен (14-1, 9 KO) өткізген жекпе-жегі 20-орынды иеленіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

78 пайыз оң пікір жинаған қазақ боксшысы биылғы жылдың ең мықты бокс кештерінде Сауль Канело Альварестен (62-2-2, 39 KO) жоғары тұр. Анығын айтсақ, Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) жекпе-жегі мексикалықтың абсолют чемпион атағы үшін өткізген кездесуінен төрт есе көп қолдау тапқан.

Еске салайық, Канело кубалық Уильям Скуллмен (23-1, 9 KO) кездескен еді, ол жекпе-жек тізімнің ең соңында, яғни 37-орында тұр. Жанкүйерлер мұны "іш пыстырар әрі абсолют чемпион мәртебесіне сай келмейді" деп бағалауға мәжбүр.

2025 жылдың ең үздік 5 жекпе-жегі:

  • Наоя Иноуэ – Рамон Кардэнас – 99%;
  • Дэвид Бенавидес – Дэвид Моррелл – 98%;
  • Артур Бетербиев – Дмитрий Бивол 2 – 93%;
  • Фернандо Мартинес – Кадзуто Иока – 91%;
  • Калеб Плант – Джермалл Чарло – 90%.

Дәл осы жекпе-жектердің аясында, Nomad Promotions ұйымдастырған Әлімханұлы мен Нгамиссенге арасындағы кездесу де бар.

Айта кетейік, қос боксшы 5 сәуірде Астана қаласында жекпе-жек өткізді. Онда IBF және WBO белбеулері сарапқа салынып, қазақ боксшысы бесінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу