Ертуған Зейнуллинов: "Жеңілмедім" деп айтудан да шаршадым

Азия чемпионатының қола жүлдегері Ертуған Зейнуллинов жартылай финалдағы жеңілісіне тоқталып өтті.  

Ертуған Зейнуллинов: "Жеңілмедім" деп айтудан да шаршадым Фото: ҰОК

Қазақстандық былғары қолғап шебері өз ойынша қарсыласынан бір саты басым түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Көңіл күйіміз құбылмалы болып тұр. Қайта-қайта жеңілмедім деу де оңай емес екен. Қанша тырыссақ та, қолымызды көтермей жатыр. Не болып жатқанын түсінбедік. Қателік бізден де кеткен шығар, – дейді ол. 

Спортшының сөзінше, бірінші раундта 5:0 есебімен ұтылмаған. Екінші раунд 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына жазылады. Ал, шешуші, яғни үшінші раундта өз ойынын көрсеткенін, қарсыластың қолын байлап, белсенділік танытпағанын мысалға келтіреді. Десе де, оған ескерту берілмеген. Бұл раунд 4:1 есебімен қазақ боксшысының пайдасына шешілген. 

– Жалпы есеп 2:1 болуы керек еді. Негізі шешуші раундқа басымдық беріледі. Мен жеңдім деп ойладым. Десе де, төрешілер шешімімен қарсыластың қолы көтерілді. Осы тұсын түсіне алмадық, – деп сөзін жалғады ол.

Ертуған Зейнуллинов өз тарапынан да қателіктер кеткенін жасырмайды.

"Қалай болғанда да, тоқтамаймыз. Сынбаймыз!" – деді ол.

Еске салайық, 2025 жылы Ливерпуль мен Дубай қалаларында өткен әлем чемпионаттарында да Ертуған Зейнуллиновтың жекпе-жектері төрешілер шешіміне байланысты қызу талқыланған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу