Айтулы матчта қазақстандық ойыншы Ғалымжан Кенжебек 32-минутта гол соғып, командасын алға шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ахмат" ойын нәтижесінде 3:0 есебімен жеңіске жеткен.
Еске салайық, Ғалымжан Кенжебек қаңтар айында Ресейдің "Ахмат" клубымен 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойған еді.
Ғалымжан Кенжебек 2025 жылдың жазында Словакияның "Кошице" командасынан Қазақстан Премьер-лигасына оралды. Содан соң "Елім-ай" клубымен келісімшарт жасасып, негізгі футболшының бірі атанды. Тіпті, клубқа чемпионатты 4-орынмен аяқтауға септігін тигізді. Бұл нәтиже "Елім-айға" Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама сыйлады.
Қазір "Ахматта" Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Максим Самородов доп тебеді. Ресейлік клубтың бас бапкері – Станислав Черчесов. Бұл жаттықтырушының есімі қазақстандық футболсүйер қауымға жақсы таныс.