Қазақ футболшысы атақты "Бавария" клубымен келісімшарт жасауы мүмкін

Ол ҚПЛ-де жоғары деңгейде ойнап жүр. 

 Қазақ футболшысы атақты "Бавария" клубымен келісімшарт жасауы мүмкін Фото: kff.kz

Футболшы Ғалымжан Кенжебек ұлттық құрама сапында Лихтенштейнге 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аты аңызға айналған Мюнхеннің "Бавария" клубы Қазақстан ұлттық құрамасының және семейлік "Елімай" клубының жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, футболшыны испаниялық "Бетис" те өз сапынан көргісі келеді деген ақпарат бар. 

Нақтыланбаған дереккөздер Бундеслиганың гранд клубының скауттары Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы өткен матчтын жіті бақылағанын хабарлайды. Әсіресе, олар 22 жастағы қазақ футболшысының ойынына жоғары баға бергені айтылады. Ол ойында Ғалымжан Кенжебек қарсылас қақпасына қос добын дарытып, бір мәрте сәтті пас берген болатын. 

Дәл осы матчтағы қазақстандық футболшының бір голы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турындағы үздік 4 голдың қатарына енді. Қазіргі уақытта, "Бавария" скауттары ойыншының мансабы мен әлеуетіне қатысты қосымша мәліметтер жинауға кірісіп кеткен болуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу