Қазақстандық ең танымал шабуылшының бірі Абат Айымбетов "Ақтөбе" сапына қайта оралуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы спорт журналисі Эльдар Аманбаев мәлім етті.
– Абат Айымбетов "Ақтөбеге" оралады. Ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы ақ-қызылдар қатарына жақын күндері қосылады, – деді ол.
Жаза кеткен жөн, 30 жастағы Абат Айымбетов кәсіби мансабын дәл осы "Ақтөбе" клубының сапында бастаған еді. Әрі Ұлттық құрамада ойнау бақытын да иеленді. 2026 жылдың ақпан айынан бері ол Румынияның "Петролул" клубының намысын қорғайды. Бір өкініштісі, қазірге дейін небәрі 8 матч өткізген және бір ғана гол соққан.
Биыл "ҚПЛ чемпиондығына таласады" деп күтілген "Ақтөбенің" жағдайы қиын. Ақ-қызылдар 17 турдан кейін 25 ұпай жинап, турнирлік кестенің жетінші сатысына жайғасқан.