Қазақ футболшысының алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Спортшы қазан айында ғана ауыр жарақат алған-ды. 

Қазақ футболшысының алаңға қашан оралатыны белгілі болды Фото: banker.kz

Мәскеудің "Динамо" футбол клубының басшысы қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Клубтың бас директоры Павел Пивоваров  мұны matchtv.ru-ға берген сұхбатында айтты. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы футболшысының қазіргі жағдайына тоқталған.

"Чавес пен Зайнутдиновты осы маусымда көре аламыз ба?" деген сұраққа "Чавес бірнеше аптадан бері толыққанды жаттығу жасап жүр, өтінімге де енгізіліп жатыр. Жақын уақытта алаңға оралады деп күтеміз. Оның нақты қашан шығатыны алдағы ойындардың барысына байланысты. Кез келген сәтте қосалқы құрамнан алаңға шығуы мүмкін, ал негізгі құрамға да біртіндеп дайын болады деп үміттенеміз. Ал Зайнутдиновке келсек, ол қазір оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Жақын арада қатарға қосылады деп сенеміз, бірақ нақты мерзімді тек медициналық топ айта алады", – деді Пивоваров.

Еске салайық, 27 жастағы жартылай қорғаушы былтырғы 19 қазаннан бері ресми матчтарға қатыспады. Сондай-ақ, ол қысқы оқу-жаттығу жиынындағы жолдастық кездесулерде де төбе көрсетпеді.

2025-26 жылғы маусымда Зайнутдинов "Динамо" сапында 10 матч өткізіп, бір сары қағаз алған еді. Осыған дейін клуб оны Бешикташ командасынан 2,5 миллион еуроға сатып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу