Қазақ футзалының дәурені жүрді

2293

Бұл матчта маңызды голдарды Дәурен Нұрғожин мен Дәурен Тұрсағұлов салды.

Қазақ футзалының дәурені жүрді

Белорусь жеріндегі ойын өте тартысты басталды. Алаң иелері бірнеше шабуыл жасап, Игита қорғаған қақпаны нысанаға алды. Алайда Әлемнің 5 дүркін үздік қақпашысы атанған Игита еш қателік жібермеді. Қорғанысқа сенімді болғандықтан шабуылшылар Белоурсь құрамасының айып алаңын торуылдап алды. Сондай шабуылдардың бірінде комбинация ұйымдастырған отандастарымыз алғашқы голды салды. Гол авторы – Дәурен Нұрғожин. Осыдан кейін алаң иелері тайм-аут алып ойынды сәл де болса өзгерткісі келді. Бірақ бұрыштама добы кезінде Тайнан ғаламат пас шығарып Дәурен Тұрсағұлов Белоруссия қақпасына екінші голды салды. Бұл гол Қазақстан құрамасына сенімді ойнауға мүмкіндік жасап берді.

Қақпаларына қатарынан екі гол жіберген алаң иелері амалсыз тәуекелге бел буды. Бірақ, қақпамызға қауіп төндіре алмай, салысы суға кетті. Ал екінші тайм бастала салысымен Қазақстан құрамасы үшінші голды салған тұста алаң иелері Кака шәкірттерінің шеберлігін мойындауға мәжбүр болды. Лео мен Тайнан қақпа маңында тұрып емін-еркін пас алмасты. Соның арқасында Тайнан әдемі гол салып өзіеің мықтылығын дәлелдеді.

Осындай жағдайдан кейін белорустар ойын тәртібін жиі бұзып, әдемі ойынның шырқын бұзды. Фолдар саны көбейіп, футзалшылар жиі қақтығысып қалып жатты. Сәл уақыт өткен соң іске Дуглас араласты. Құрамамыздың белді ойыншысы тағы да Лео арқылы пас алмасты. Орталық алаңды кесіп өтіп, Лео берген ғаламат пастан кейін төртінші голды салды. Осы тұста матч тағдыры түбегейлі шешілгені белгілі болды. Десе де Белоруссия құрамасы бір гол салып, жеңілістің ащы дәмін жеңілдеткендей болды. Бірақ, артынша Тайнан мен Лео тағы да жарасымды ойын көрсетіп, бесінші голды салды. Бұл жолы Тайнан пас беріп, Лео қақпашының аяқтарының ортасынан допты өткізіп жіберді. Матч аяқталуға үш минут қалғанда Тайнан сол қаптал арқылы ұмтылып Дәурен Тұрсағұловқа дәл пас шығарды. Дәурен есепті 1-6 қылды.

Енді Қазақстан құрамасы Израиль командасымен сәуір айында кездесу өтізуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу