Қазақ қақпашысының сейві UEFA үздіктерінің сапына енді

Алматылық "Қайрат" клубының ойыншысы Темірлан Анарбековтың "Пафосқа" қарсы қақпа қорғауы әлемдік футбол сарапшыларының назарын аударды. 

Қазақ қақпашысының сейві UEFA үздіктерінің сапына енді Фото: Жеке мұрағатынан

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Орталық стадиондағы қазақ қақпашысының сейвін үздіктер қатарына қосқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Сейсенбіде керемет сейв көп болды. Сіздерге қайсысы қатты ұнады? – деп сұрау салып, бейнежазбаға сипаттама берген әлемге әйгілі футбол ұйымы. 

Негізінен "Қайрат" қақпашысы кипрлік "Пафосқа" қарсы ойыннан бұрын да жақсы ойын-өрнегімен танылды. Оның командасын Чемпиондар лигасына шығарғанын спортсүйер қауым ұмыта қойған жоқ. 

Бұған дейін "Бір ойында 3 рет "пенальти" қайтарған Темірлан Анарбеков ерекше сыйлыққа үміткер атанды" деген тақырыпта материал жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу