Қазақ қызы әлемдік турнирде көш бастады

FIDE-нің шахмат тәжі үшін турнирі Кипрдің Пафос қаласы маңындағы курорттық Пейя елді мекенінде өтіп жатыр.

Қазақ қызы әлемдік турнирде көш бастады Фото: caravan.kz

Соңғы кездесуінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чжунъимен сынға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қытайлық шахматшы жер-жаһандағы мықты гроссмейстер қатарында тұр. Ол әлем чемпионы атағына ие. Кескілескен кездесуде қос қарсылас жеңіс үшін жанын салды. Десе де, олар тақта үстінде тең тарқасты. 

Аталған турнирге ең танымал шахматшылар келді деуге болады. Олардың қатарында қытайлық Чжу Цзиньэр, бейтарап елдің өкілдері Александра Горячкина, Катерина Лагно, украиналық Анна Музычук, Катерина Лагно, үндістандық Дивья Дешмух, Вайшали Рамешбабулар бар.

Қазіргі уақытта отандасымыз 2,5 ұпаймен көш басын ешкімге берер емес. 2004 жылдың 26 ақпанында туған Бибісара Асаубаева былтыр гроссмейстер атанды. Ал 2020 жылы халықаралық шебер болса, 2019 жылы әйелдер арасындағы гроссмейстер мәртебесіне қол жеткізді. 

Бибісара шахматпен небәрі 4 жасынан бастап дос болып келеді. Ол 2011 жылы 8 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, блиц бойынша үш мәрте әлем чемпионы (2021, 2022, 2025) болса, рапид бойынша 2021 жылы әлем чемпионатында күмісті қанағат тұтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу