Қазақ қызы Германиядағы жарыста жеңімпаз атанды

331

Отандасамыз Жібек Құламбаева жұптық сында Германияда өтіп жатқан ITF W100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақ қызы Германиядағы жарыста жеңімпаз атанды Фото: ktf.kz

Жібек Құламбаева латвиялық Дарья Семенистаямен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары чехиялық Джесика Малечкова және Мириам Скоч жұбымен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда чехиялықтар 6:4 есебімен басым түсті. 

Екіншісінде қазақстандық-латвиялық жұп есе қайырды – 6:3. 

Супер тай-брейкте Жібек пен Дарья жеңісті жұлып алды – 11:9. Финалдық матч 1 сағат 37 минутқа созылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу