Қазақ қызы Ресейдің үздік боксшысы атағын алды

Ол 81 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатпады.

Қазақ қызы Ресейдің үздік боксшысы атағын алды Фото: Анастасия Здорик

Мәскеу қаласында әйелдер арасында өткен ХХVІІІ Ресей чемпионатында омбылық Салтанат Меденова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Боксшы финалда өзінің басты қарсыласы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, әйелдер арасында әлем чемпионы, Краснодар өлкесінің өкілі Анастасия Демурчянды 5:0 есебімен қапы қалдырған. 

Салтанат Меденова мұнымен қатар, турнирдің үздік боксшысы атанып отыр. Қазақ қызы осымен Ресей чемпионаттарында бесінші мәрте топ жарды. Мәскеудегі біріншілік жеңімпаздары 1,5 млн рубль көлемінде сыйақы алады. 

Тағы бір қазақ қызы, новосібірлік Алмагүл Мамраева 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты. 

Салтанат Меденова осы жеңісіне үлес қосқан бапкерлері Татьяна Макарова мен Сергей Земцов және барлық жақын туған-туыстарына, жанкүйерлеріне алғысын айтты. 

Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері С.Меденова осыдан бір жыл бұрын әлем чемпионы атанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу