Тізімде Қазақстаннан бөлек, Испания, Хорватия, Франция, Финляндия, Грузия және Польша бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қазақстан футбол федерациясы UEFA басшылығына 2030 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізу үшін өтінім жолдаған.
Бекітілген ережеге сәйкес, үміткерлер өтінімдердің түпкілікті құжаттамасын 2027 жылдың 8 маусымына дейін тапсыруы керек. Оны ұйымдастырушы ел 2027 жылдың қыркүйек айында UEFA Атқарушы комитеті отырысының қорытындысы бойынша ресми түрде анықталмақ.
Жаза кеткен жөн, ұйым аясында басқа да ірі іс-шаралар ұйымдастырылады. 2027 жылы Астана қаласында UEFA-ның Конгресі өтсе, елордамыз 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдамақ.
Сол секілді, 2028 жылы "Астана Арена" стадионында UEFA суперкубогы матчы болады.