Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады

737

8 сәуір Қазақстан Қытайдың Тайбэйімен (Астана уақытымен 16:00) мұзайдынға шығады. 

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын сәтті бастады Фото: qyz.ligasy.kz

7 сәуір Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионын Қазақстан құрамасы жеңіспен бастады, деп жазады inbusiness.kz  сайты.

А тобындағы алғашқы матчта мексикалық ойыншылар отандастарымызға төтеп бере алған жоқ. Матч 4-2 есебімен Ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.

Біздің хоккейшілерден Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Анастасия Оразбаева мен Мунира Саяхатқызы мергендік танытты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу