Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастады

286

Қазақстан әйелдер құрамасы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф матчтарына дайындықты бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастады Фото: kff.kz

Ұлттық құрама Астанада оқу-жаттығу жиынына кірісті. Қазақстандық футболшылар плей-офф кезеңінде Ирландия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан мен Ирландия арасындағы алғашқы матч 9 қазанда Астанадағы "Астана Аренада" өтеді. Кездесу сағат 16:00-де басталады.

Қарымта ойын 13 қазанда Ирландияның Корк қаласындағы "Парк И Кив" стадионында ұйымдастырылады. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу