Сол арқылы Қазақстан құрамасы қайтадан үздік ТОП-100 команданың қатарына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2026 жылдың 18 сәуірінде әлем чемпионаты – 2027 іріктеу кезеңі аясында өткен матчта қазақстандық футболшылар бейтарап алаңда, Грузияда Беларусь құрамасын 1:0 есебімен жеңген еді. Осы жеңіс ұлттық құраманың рейтингтегі позициясына тікелей әсер етіп отыр.
Халықаралық матчтар қорытындысында, Қазақстан әйелдер құрамасы, яғни Бегайым Қырғызбаева жаттықтыратын ұжым 1203,95 ұпаймен 97-орынға көтерілген. Бұл көрсеткіш арқылы қазақстандықтар Куба және Гуам құрамаларымен қатар келеді.
Рейтингте Испанияға жетер қарсылас табылмай тұр. Екінші орынға АҚШ құрамасы жайғасқан. 3-орынға көтерілген Англия Германияны бір сатыға ығыстырды.
FIFA нұсқасындағы әйелдер құрамаларының рейтингі:
1. Испания – 2083,09;
2. АҚШ – 2054,65;
3. Англия – 2038,72;
4. Германия – 2021,78;
5. Жапония – 2011,27;
6. Бразилия – 1980,00;
7. Франция – 1975,60;
8. Швеция – 1961,22;
9. Канада – 1934,88;
10. Нидерланд – 1929,32.
Қазақстан – 97-орын (1203,95 ұпай).