Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады

109

Алғашқы кездесу 15 қазанда Жапонияға қарсы өтеді.  

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады Фото: olympic.kz

15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы турнирде Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі.

Чемпионатқа төрт елдің құрамасы қатысады. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда үш матч өткізеді.

Қазақстандық хоккейшілер алғашқы ойынын 15 қазанда Жапония құрамасына қарсы өткізеді. 17 қазанда Қытаймен, ал 18 қазанда Оңтүстік Кореямен кездеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу