Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

106

Қазақстандық балуан қыздар сары құрлық біріншілігінде екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. 

Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен U20 Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

65 келіге дейінгі салмақта Жаңыл Бекен ақтық сында өзбекстандық Мухайё Нарзиллоеваға жол берді. Сондай-ақ 68 келіге дейінгі салмақта Ұлдана Тілеухан финалда қытайлық Чэньлин Суннан жеңіліп қалды. Ал 53 келіге дейінгі салмақта Динара Дауылқызы қола медаль үшін өткен бәсекеде Вэй Тин Чэньді (Қытайлық Тайбэй) жеңді. 57 келіге дейінгі салмақта Анна Стратан шешуші белдесуде Қытайлық Тайбэй өкілі Юй Сюань Чэннен басым түсіп, қола жүлдегер атанды. 59 келіге дейінгі салмақта Айжан Мұратбай қола жүлде үшін болған айқаста Мириам Грейс Балисмені (Филиппин) жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу