Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы командалық шпагада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездесіп, 21:45 есебімен жеңілді. Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Құрама сапында Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, Дарья Самоделкина және София Николайчук өнер көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу