Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында Германияны жеңді

193

Шахмат Олимпиадасында қазақстандық қыздардың жеңіс сериясы жалғасты. 

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында Германияны жеңді Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында жеңісті сериясын жалғастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бесінші турда қазақстандық шахматшылар әлемдік рейтингте үздік ондыққа кіретін Германия құрамасымен кездесті. Бес сағатқа созылған тартысты матч 2,5:1,5 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Командаға жеңіс әкелген жалғыз нәтижелі партияны Меруерт Камалиденова өткізді. Ол Ханна Мари Клекке қарсы кездесуде жеңіске жетті.

Қалған үш тақтадағы партия тең нәтижемен аяқталды:

Қазақстан – Германия – 2,5:1,5

Бибісара Асаубаева – Динара Вагнер – тең ойын;
Алуа Нұрман – Элизабет Петц – тең ойын;
Меруерт Камалиденова – Ханна Мари Клек – жеңіс;
Елназ Қалиахмет – Яна Шнайдер – тең ойын.

Ал ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы бесінші турда Эстониямен кездесті. Бастапқы рейтингте 62-орында тұрған қарсыласпен матч 2:2 есебімен аяқталды.

Қазақстан – Эстония – 2:2

Денис Махнёв – Илья Сирош – тең ойын;
Сауат Нұрғалиев – Кирилл Чукавин – жеңіс;
Даниал Сапенов – Меэлис Канеп – тең ойын;
Аңсат Алдияр – Дион Кривенко – жеңіліс.

Осылайша, әйелдер құрамасы турнирдегі жеңісті сериясын жалғастырса, ерлер командасы алғаш рет тең нәтижеге қол жеткізді.

Шахмат Олимпиадасының алтыншы тур ойындары бүгін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу