Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды

255

Қазақстан әйелдер құрамасы 46-шы Шахмат олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Осылайша, ұлттық құрама бұл жарыста қатарынан екінші рет 2-орынға тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биылғы Шахмат олимпиадасы 16-27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеге 400-ге жуық команда қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Турнирдің шешуші, 11-туры аясында Қазақстан құрамасы Польша шахматшыларымен кездесті. Елназ Қалихмет жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Меруерт Қамалиденова партияларын тең аяқтады. Ал Алуа Нұрман қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 18 ұпай жинап, 189 әйелдер командасы арасында 2-орынға ие болды. Қытай құрамасы алтын медаль жеңіп алса, Үндістан үшінші сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы Олимпиаданы бірде-бір командалық жеңіліссіз аяқтады. Ұлттық құрама 7 кездесуде жеңіске жетіп, 4 матчта тең түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу