Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

129

Қазақстандық балуан Інжу Баққожа Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады Фото: olympic.kz

Отандасымыз 46 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Алина Баранованы 8:2 есебімен жеңді. 

Сондай-ақ 61 келіге дейінгі салмақта Аружан Бақытнұр қола жүлде үшін күресті. Дегенмен үндістандық Аваншикаға жол берді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір күміс, бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу