Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария етті

416

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария етті Фото: © Sputnik

АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде, халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан "ядролық қарудың таралуына жол бермес үшін" және "оны таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында" тараптарды тезірек келісімге келуге шақырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу