Қазақстан әлем бойынша 3-орыннан 99-орынға түсті

1622

Пенитенциарлық жүйеде маңызды құқықтық және құрылымдық реформа  жүргізіліп, ұлттық заңнама жетілдірілді. 

Қазақстан әлем бойынша 3-орыннан 99-орынға түсті

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы Бибігүл Мұңайтпасованың мәлімдеуінше, Қазақстан әлем бойынша түрмедегі адам саны индексінде 3-орыннан 99-орынға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кеңес одағындағы мәжбүрлі көші-қон мен қуғын-сүргін саясатының және 
тың жерлерді игеруге бастамасының салдарынан Қазақстан еңбекпен түзеу колониясының ордасына айналды. Әрбір жетінші сотталған жазасын біздің елде өтеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біз жан басына шаққандағы тұтқындар саны бойынша АҚШ пен Ресейден кейін әлем бойынша үшінші орынға ие болдық. Түзеу мекемелеріндегі адам санының шамадан көп болуы, гигиеналық жағдайдың төмендігі, жұқпалы аурулар мен өлім-жітімнің жоғары болуы – бұл тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шешуге тура келген негізгі проблема болды", – деді басқарма басшысы. 

Бибігүл Мұңайтпасованың айтуынша, қазір еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 80 мекеме жұмыс істейді. Оның 64-і бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау мекемесі, 16-сы тергеу изоляторлары. Мұнда 33 мың адам бар, олардың 4,7 мыңы қамауға тергеу үшін алынған. Сотталғандардың 94% ауыр және аса ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жатыр. Олардың шамамен 47%-ы бұрын сотталған, 25% -ы кісі өлтірген, 13,5%-ы ұрлық жасаған, 11,5%-ы есірткі саудасымен айналысқан, 13,8%-ы жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған. 

"Қазір қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеті – жазаны өтеудің тәртібі мен шартын қамтамасыз ету, сотталғандардың құқығы мен бостандығын қорғау, оларды түзеу құралын айқындау және әлеуметке бейімделуіне жағдай жасау. Соңғы жылдары қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы жетілдірілді. Сотталғандарды ұстаудың құқықтық, әлеуметтік жағдайы жақсартылды. Бұл үшін қолданыстағы жұмыс әдістері қайта қаралды", – деді Бибігүл Мұңайтпасова.

Қанат Махамбет 
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу