Қазақстан Алжирге 390 мың тонна бидай экспорттады

73

Бұған 2025 жылы Қазақстандағы көлік шығындарын мемлекеттік субсидиялау, сондай-ақ сыртқы саясат деңгейіндегі елеулі қолдау айтарлықтай ықпал етті.

Қазақстан Алжирге 390 мың тонна бидай экспорттады Фото: inbusiness.kz

2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында Қазақстан алғаш рет Алжирге 390 мың тонна көлемінде бидай экспорттады. Экспорт құны 100 млн АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Мемлекет басшысының қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға ілгерілету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның Алжирдегі елшілігі бұл солтүстікафрикалық елдің негізгі мемлекеттік ұйымдары мен ведомстволарының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

2025 жылғы 14 қаңтарда елші Әнуарбек Ахметов бидай мен бұршақ дақылдарын орталықтандырылған мемлекеттік импорттық сатып алуды үйлестіретін Алжир дәнді дақылдар жөніндегі кәсіпқой аралық кеңсесінің (OAIC) Бас директоры Насреддин Мессаудпен кездесті. Кездесу барысында оған "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ ұсынған зертханалық зерттеулердің нәтижелері бар қазақ бидайының үлгілері ұсынылды. OAIC басшысы біздің бидайдың сапасына жоғары баға беріп, оны Алжир нарығына жеткізуді ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

2025 жылғы 22 маусымда Ә.Ахметов Алжирдің Ауыл шаруашылығы министрі Юсеф Шерфамен келіссөздер жүргізіп, ол Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты, оның ішінде Алжирге біздің астықты жеткізуді кеңейтуге саяси қолдау білдірді.

Жалпы, Қазақстанның Алжирге бидайдан бөлек, ет, бұршақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін экспорттау мүмкіндігі зор.

Айта кетейік, Алжир бидайдың әлемдегі ең ірі импорттаушыларының бірі болып саналады: ол жаһандық рейтингте бесінші орында тұр және жыл сайын 9 млн тоннаға дейін жұмсақ бидай сатып алады. Жеткізілімдер мемлекет тарапынан орталықтандырылған түрде, халықаралық тендерлерді тұрақты түрде өткізіп отыратын Алжирдің Аралық астық офисі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу