Қазақстан арқан тартыстан екінші алтынды жеңіп алды

254

​VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан кезекті алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.    

Қазақстан арқан тартыстан екінші алтынды жеңіп алды Фото: ҚР Спорт комитеті

Бүгін ұлттық құрама арқан тартыстың 4×4 санатында бақ сынап, тартысты бәсекеде қарсыластарынан басым түсті. Осылайша қазақстандық спортшылар жарыстың жеңімпазы атанды.

Бұл – Қазақстан құрамасының арқан тартыстан осы ойындардағы екінші алтыны.

Кеше спортшылар 8×8 форматында да топ жарып, алтын медаль иеленген еді.

Осылайша ұлттық құраманың қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу