Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды.
Спортшылар аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Исламова мен Рамазанов өз өнерлері үшін 248.1058 ұпай жинады.
Алтын жүлдені Испания жұбы 263.2992 ұпаймен жеңіп алды. Ал Жапония 246.9850 ұпаймен үшінші орынға ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу