Қазақстан Астанадағы Әлем кубогында семсерлесуден "қола" үшін бақ сынайды

147

Астанада шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы аясында ерлер арасындағы командалық жарысының жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан Астанадағы Әлем кубогында семсерлесуден "қола" үшін бақ сынайды Фото: olympic.kz

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Франциямен кездесті.

Кездесу барысында командалар ұзақ уақыт бойы тең деңгейде өнер көрсетті. Алайда соңында француздар басымдыққа қол жеткізіп, 45:38 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші орын үшін матчта Қазақстан Жапониямен кездеседі. Жапон құрамасы жартылай финалда Италиядан жеңілген болатын.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы сапында Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Никита Жулинский өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу