Заңсыз әкелінетін көліктер: Премьер-министр халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

413

Премьер-министрдің пікірінше, саланы реттейтін құжат 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс.    

Заңсыз әкелінетін көліктер: Премьер-министр халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Олжас Бектенов Мемлекет басшысының заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларына тоқталды. Тиісті тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, 10 күн ішінде Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қолда бар деректерге сәйкес еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар  кешенін әзірлесін.

Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу