Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 3 медаль жеңіп алды

103

Нұржан Жұмабай алтын медаль иеленді.  

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 3 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жас жеткіншектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы жарыстың кезекті күнінде қоржынға үш медаль қосты.

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыста 354 (159+195) келі көтеріп, алтын медаль иеленді.

Осы салмақта жасөспірімдер арасында өнер көрсеткен Әлихан Әскербай 361 (163+198) келі нәтижесімен үшінші орын алды.

Ал жас жеткіншектер арасында 77 келіден жоғары салмақта Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу