Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына 95,7% сәйкес келді

145

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2025 жылғы 30 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасында өткізілген авиациялық қауіпсіздіктің кешенді аудитінің (USAP-CMA) нәтижелерін ресми түрде жариялады.

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына 95,7% сәйкес келді Фото: canva

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7% болды. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден (72,01) және Еуропа елдерінің көрсеткішінен (87,92%) жоғары.

ҚР Азаматтық авиация комитеті мәліметіне бойынша, Қазақстанның нәтижесі ТМД елдері мен ИКАО-ның Еуро-Азиаттық (EUR/NAT) аймағы бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады.

Салыстырмалы түрде: Әзербайжан - 74,66% Өзбекстан - 85,47% Қырғызстан - 85,76% Грузия - 89,75% Беларусь - 91,85% Ресей - 94,14% Таяу өңірлерде осындай көрсеткіштер төмендегі елдерде байқалады: БАӘ - 98,4%, Қатар - 96,72%, Сауд Арабиясы - 94,41%.

Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік бойынша алдыңғы көрсеткіші 83% болатын. Қазіргі көрсеткіш авиациялық қауіпсіздік саласындағы негізгі заңнама, авиациялық қауіпсіздік бағдарламалары мен ережелері, авиациялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган және оның міндеттері, персоналдың біліктілігі мен оқытылуы, техникалық ұсынымдар, құралдар және қауіпсіздік үшін маңызды ақпарат беру, сертификаттау және бекіту жөніндегі міндеттемелер, сапаны бақылау бойынша міндеттемелер, қауіпсіздік мәселелерін шешу сияқты авиациялық саланың маңызды элементтері бойынша қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің көрінісі.

Осы көрсеткіштердің сәйкестігі қазақстандық әуежайлардың қауіпсіздігінің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл әуе компаниялар тарапынан сенімнің өсуіне, сондай-ақ АҚШ-қа тікелей рейстерді ашу үшін ұшулардың бірінші санатын алуға ықпал етеді.

ИКАО-ның жоғары бағасы еліміздің авиациялық саласында 2019 жылдан бастап іске асырылған кешенді реформалардың, Қазақстанның авиациялық әкімшілігін дамытудың, мамандардың біліктілігін арттырып, тәуекелге бағдарланған бақылау тетіктерін енгізуді қоса алғанда, биік нәтижелердің көрсеткіші.

Сондай-ақ, бұл Қазақстанның жаһандық авиациялық қауіпсіздік жүйесіне жоғары интеграциялануын растайды.

Аудит қорытындысы –Қазақстанның жолаушылар мен авиация индустриясы үшін қауіпсіз және ыңғайлы әуе қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық стандарттарға бейілділігінің маңызды дәлелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу