Қазақстан билігі Қазан мектебіндегі оқиғадан қандай сабақ алды

1353

Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласының мектептерінің бірінде болған оқиға Қазақстанның билігін де ойландырса керек. 

Қазақстан билігі Қазан мектебіндегі оқиғадан қандай сабақ алды

Үкіметтің бүгінгі отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы іс-шараларға кеңірек тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, Қазан қаласында болған оқиғаның салдары біршама зерделенген. 

"Бұл талдау Қазан қаласының мектебінде оқушылар мен мұғалімдердің осындай қауіпті жағдайда қажетті іс-әрекеттерді білуінің арқасында, дабыл түймелерімен, арнайы күзетпен қамтамасыз етілгенінің арқасында залал минималды деңгейде болғанын көрсетеді. Халықаралық тәжірибе де бейне камералармен, дабыл түймелермен қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға қарсы әрекет етудің нақты алгоритмін енгізу, арнауы күзет және педагогтер мен оқушыларды даярлау қажеттілігін көрсетті", - деді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов осыған орай, өткен оқиғалардың талдауларына және халықаралық стандарттарға сүйене отырып арнайы нормативтік құжаттар қабылданғанын айтады. Соның ішінде, терроризмге қарсы тұру үшін қойылатын талаптар, білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру стандарттары және білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізбесі сияқты талаптар бекітілген. Енді осы талаптарды орындап, қауіпсіз орта қалыптастыру үшін  келесідей міндеттерді орындау көзделген.

"Біріншіден, барлық бейнебақылау камераларын бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру керек. Қалаларда орналасқан мектептердің бейнекамераларын жедел басқару орталықтарына қосқан абзал. Екіншіден, барлық білім беру ұйымдары дабыл түймелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Үшіншіден, қала мектептерін арнайы күзетпен қамтамасыз ету керек. Төртіншіден, педагогтерге және оқушылырға төтенше жағдайлар мен террористік қауіп төнген жағдайда қабылданатын шаралар мен алгоритмдерін енгізген жөн", - дейді министр.

Сонымен қатар мектептердегі психологиялық қызметтердің рөлі мен жалпы тәрбие жұмысын күшейтілмек.

Министр қазір еліміздің барлық мектептері бейнебақылау камералармен 100% қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Десе де,  Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктерінің бірлесіп жүргізген мониторингы, осы камералардың 55% ғана талаптарға сай екенін көрсеткен.     

"Дабыл түймелерін орнату жағына келер болсақ, білім беру ұйымдарында дабыл түймелерін орнату жұмыстары жүзеге асуда. Бүгінгі таңда олардың саны – 648 (9,3%) құрайды. Тек Алматы мен Нұр Султан қалаларында бұл мәселе толығымен шешілді. Проблеманы шешу үшін жергілікті бюджеттен 980 млн теңге сомасында қаражат көзделген. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат толық қарастырылмаған", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу