Қазақстан билігі Қырғызстанға жанармай беру туралы өтінішті қарастырып жатыр

903

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.  

Қазақстан билігі Қырғызстанға жанармай беру туралы өтінішті қарастырып жатыр Фото: tazabek.kg

Нақты шешім Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріле отырып қабылданады, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграм арнасына сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрінің сөзінше, бұл мәселе ішкі нарыққа әсер етпейді. Елімізде ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету және жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына жол бермеу бағытындағы бақылау шаралары жалғасады.

Қайырхан Тұтқышбаев сондай-ақ Ресей тарапынан Қазақстанға жанар-жағармай жеткізуге қатысты ешқандай ресми сұраныс түспегенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі Ресейден импортталатын жанармай тапшылығына байланысты Қазақстан билігінен көмек сұраған болатын. Көршілес елдің Энергетика министрлігі ресми сауалдарды Қазақстаннан бөлек Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстанның тиісті органдарына жолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу