Қазақстан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды

134

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды Фото: Андрей Ударцев

Канадаға қарсы алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең болды. Юлия Путинцева Кайла Кроссты 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, ал Соня Жиенбаева Бьянка Андреескуға 4:6, 6:7 есебімен жол берді.

11 сәуір күні өткен жұптық кездесуде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Бьянка Андрееску / Кайла Кросс жұбын 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

Ал Путинцева өз кезегінде Бьянка Андреескуді 7:6, 3:6, 7:6 есебімен жеңіп, жалпы есепті 3:1-ге жеткізді.

Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды. Финалдық кезең биыл күзде Қытайда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу