Бүгін Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай мен Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл оның жаңа салмақтағы (90 кг) алғашқы жекпе-жегі.
Ал 60 келі салмақта сынға түскен Серік Теміржанов 1/16 финалда Германия өкілі Денис Брилді 5:0 есебімен жеңді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу