Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Украинаны қолдады

4696

Ресейдің қарсылығына қарамастан Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында онлайн сөйлеу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Украинаны қолдады

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясында бейне үндеу арқылы сөз сөйлеуге мүмкіндік алды. Тиісті шешімге 101 ел дауыс берді. Қазақстан қолдап дауыс бергендер қатарында. Ал көршілес елдер арасында Өзбекстан қалыс қалса, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан дауыс берген жоқ.

Украинаның БҰҰ жанындағы миссиясы мұндай рұқсат сұрауына себеп Ресей бастаған соғыс деп түсіндірді. Зеленскийдің сөз сөйлеуіне жеті ел қарсы дауыс берді.

Украина басшысының сөзі 21 қыркүйекке жоспарланған. Бұрын коронавирусқа байланысты БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөз сөйлеу онлайн режимінде өткізілсе, бұл жолы кездесу Нью-Йоркте офлайн режимінде өтеді.

"Президент Зеленский видео арқылы сөйлейтін болса да, менің ойымша, оған Бас Ассамблеяда жеке сөз сөйлейтін президенттер мен премьер-министрлердің көпшілігінен 1000 есе көбірек назар аударылады" – деді БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы тобының директоры Ричард Гован.

Өз кезегінде Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Зеленскийге рұқсат беруге қарсылық білдірді. Ресейден басқа қарсы дауыс бергендер: Беларусь, Куба, Эритрея, Никарагуа, Сирия, Солтүстік Корея сынды елдер.

Айта кету керек, АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясындағы ресейлік делегация мүшелерінің көпшілігіне виза бермеді, бірақ ресейліктер әлі де виза алуға ниетті. Ресей Вашингтоннан 56 виза сұраған, алайда 24-іне ғана рұқсат алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу