Қазақстан бюджет шығыстары үшін Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады

424

Қарыз 15 жыл мерзімге беріледі.

Қазақстан бюджет шығыстары үшін Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алады Фото: iasgyan.in

Құрылтай "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының биылғы 13 тамыздағы Жарлығына сәйкес 3,4 млрд қытай юанінде Қарыз туралы келісімге 2026 жылы 11 қыркүйекте қол қойылды. Бұл қаражат Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Аталған банктің қарызы Қазақстан Республикасына 3 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда 15 жыл өтеу мерзіміне беріледі. Сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 1,69%", – деді Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтай отырысында.

Ведомство басшысының сөзінше, тартылатын қаржыға қызмет көрсету және оны өтеу, қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Азия Даму Банкіне 1994 жылы қосылған. Мемлекетіміздің үлесі 0,805%-ға тең. Жалпы тартылған инвестициялар шамамен 8,7 млрд долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу