banner

Қазақстан чемпионы анықталар кез келді

1075

Ертең Қазақстан чемпионатының соңғы туры ойналады. Нендей сенсация болуы мүмкін?

Қазақстан чемпионы анықталар кез келді Фото: inform.kz

Турдың басты матчы Қарағанды қаласында өтеді. Мұнда жершілікті "Шахтер" "Астананы" қабылдайды. Негізгі қақпашысы Игорь Шацкий жарақат алып, ал орталық жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс өткен турда қызыл қағаз алған. Екі мықты ойыншысы жоқ болғандықтан "Шахтерден" қатты бір қарсылық күтудің керегі шамалы. Күн райының да суып кеткені бұл матчқа әсер берері сөзсіз. Жоба бойынша "Астана" сенімді жеңіс тіркеп, өзіне керекті үш ұпайды еншілейді. Осылайша, қатар өтіп жатқан матчтардың нәтиждесіне жалтақтамай ел чемпионы атануға мүмкіндігі болады.

Егер де "Астана" тең түсіп қалса, онд ұпайларының саны 51 болады. Онда "Ақтөбе" "Қайратты" жеңіп, 52 ұпаймен бірінші орынға шығып кетуі ғажап емес. 49 ұпай еншілеген "Ақтөбе" тең түссе, "Астана" жеңіліп қалып, 50 ұпаймен қалып кетсе онда чемпиондықты тағы бір матч ойнап барып шешуге тура келеді. Жарыстың тәртібі бойынша мұндай жағдайда "Алтын матч" тағайындалады. Оның жеңімпазы ел чемпионы атанады. Қазақстан футболында мұндай оқиға 2 мәрте болған еді.

Одан бөлек қола жүлденің де тағдыры шешіліп қойған сыңайлы. Қостанайдың "Тобылы" өткен жылы ел чемпионы атанса, биыл тек қола медальға қанағат деп отыр. Ал төртінші орын "Қайраттыкі". Төртінші орын алған команда көп жағдайда еурокубокке қатысатын. Бірақ, келесі жылы емес. Өйткені, Қазақстан кбуогының финалына шыққан екі команданың екеуі де үздік төрттіктің қатарында жоқ. Екеуі болмаса да біреуі болған жағдайда, "Қайратта" Конференция лигасына қатысуға мүмкіндік болатын еді.

Чемпионаттың соңғы бөлігінде де барлығы түсінікті. Доп айырмасы бойынша алда тұрған "Таразды" ешкім қуып жете қоймас. "Тұран" мен "Ақжайықтың" болашағы бұлыңғыр. Осы екі команда Бірінші лигаға түсіп қалатын секілді. Ал орта тұста жүрген командалардың ешқайсысының ғаламат бір мотивациясы байқалмайды. 7 орын немесе 8 орын дегеннен ешқандай айырмашылық қалған жоқ.

Ертең, 6-қазан күні футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы туры өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу