Мемлекет басшысы: Қазақстан даму банкі жекенің банкіне айналып кетті

2225

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан даму банкінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы: Қазақстан даму банкі жекенің банкіне айналып кетті

"Мемлекеттік қолдау жүйесінде ірі құрылымдар үшін "достарға – бәрі, қалғандарына – заң бойынша" жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе экономикадағы олигополияны күшейтеді. Көптеген кәсіпорынға артықшылық берілген. Ол бәселестікті дамытпай, реформа жасауға кедергі жасайды. Мысалы, Қазақстан даму банкі жеке банкке айналған. Ол арнайы таңдалған адамдарға арналған. ...Біз олардың кім екенін білеміз. Олар жоғары кабинеттерге мүмкіндік алып, өз жобаларын жүзеге асыруда басымдыққа ие болған. Бұл жобаларға мемлекеттің ресурсы бөлінеді. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жұмсауға болар еді", – деді Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу