"Қазақстан" деп бірнеше рет қайталаған": Футболшы Ямальдың видеосы көптің талқысына түсті

Жас жұлдыз Әзербайжанның орнына Қазақстанды атап, жанкүйерлерін күлдірген.

"Қазақстан" деп бірнеше рет қайталаған": Футболшы Ямальдың видеосы көптің талқысына түсті Фото: nur.kz

Осылайша, "Барселона" футболшысы қос елдің атауын шатастырып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ламин Ямаль өзінің YouTube арнасында жанкүйерлеріне тосынсый жасайтынын мәлімдеді. Ол екі жанкүйерге УЕФА Чемпиондар лигасының матчына билет және өзінің қолтаңбасы қойылған бутсы сыйлауды жоспарлаған.

Десе де, сыйлық иелерін қай ойынға жіберу керегін талқылау кезінде қызықты жағдай тіркеліп отыр. Ламин Ямаль Әзербайжанның орнына Қазақстанды бірнеше рет атап, өзі де күліп жіберген.

Бір қызығы, видеоның осы тұсында экранда ағылшын тіліндегі "Azerbaijan" (Әзербайжан) деген түзету жазуы пайда болады. Бұл көрермендердің де назарын аударды.

Футболшының бұл әрекеті кездейсоқ қателік пе, әлде әдейі жасалған әзіл ме, әзірге белгісіз. Қалай болғанда да, Қазақстан атауы аталған сәт әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

Жаза кеткен жөн, "Барселона" 25 қарашада Әзербайжан астанасы Бакуде жергілікті "Сабах" командасымен кездеседі. Осы ойын аясында Ламин Ямаль айтқан сыйлық берілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу