Қазақстан дзюдодан аралас командалық сында әлем чемпионы атанды

191

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилияның спортшылармен кездесті.   

Қазақстан дзюдодан аралас командалық сында әлем чемпионы атанды Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстан құрамасы дзюдодан Эквадорда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылды. Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлады.

Финалда Қазақстан сапында Расулхан Ғабит (-60 кг), Інжу Жұмажан (-63 кг), Бекали Еркен (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жаудинов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (-48 кг) күресті.

Қазақстан құрамасы жарыс жолын Болгарияны 4:1 есебімен жеңуден бастады. Ширек финалда Жапония құрамасын 4:2 есебімен, ал жартылай финалда Өзбекстан спортшыларын 4:2 есебімен жеңді.

Бұл – Қазақстан дзюдосы тарихындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық сынында қол жеткізілген алғашқы чемпиондық атақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу