Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан трап бәсекесінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Командалық жарыста қазақстандық спортшылар 348 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады. Кувейт құрамасы 355 ұпаймен алтын жүлде алса, Қатар 349 ұпаймен күміс медальға ие болды.
Қазақстан сапында Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов өнер көрсетті.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы 35 спорт түрінен жүлдеге таласып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу